Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төлқұжат пен жүргізуші куәлігі жыл соңына дейін цифрлық форматқа ауыстырылады

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Қазақстанда жыл соңына дейін бірқатар маңызды құжатты цифрлық форматқа көшіру жоспарлануда. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Оның сөзінше, мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету үшін биометрия бойынша Egov-та бір қадам арқылы тіркелу жүзеге асырылады. 

Бұл азаматтарға биометриялық сәйкестендіруден өтіп, кез келген қызметке қол қоюға мүмкіндік бермек. Нәтижесінде электронды үкіметтің қызметін пайдаланатындар саны артады. 

"Қызмет алушылар Egov-та тіркелгеннен кейін, қағаз құжаттарымен қатар, цифрлық құжаттар сервисін қолдануға мүмкіндік алады. Бұл сервиске жыл соңына дейін жүргізуші куәлігі, автокөлік техпаспорты, төлқұжат, жоғары білім туралы диплом, студенттік билет және тағы басқаларын шығару жоспарланып отыр", - деді министр.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін жоғары сұранысқа ие отызға жуық анықтаманы алып тастау жоспарланып отыр.

Бағдат Мусин ақпараттың шынайылығын растау QR-кодты оқу арқылы қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы кезінде қос азаматтығы бар шенеуніктерді жұмыстан босатуды тапсырған еді.

Сонымен қатар, президент 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артатынын, ал 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872196-tlkzat-pen-zrgizusi-kuligi-zyl-soyna-dejin-cifrlyk-formatka-auystyrylady/

pixel