Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жоғалған тоғыз жасар бала аман-есен табылды

Опубликовано:

Месут Мырзақұлов
Фото: polisia.kz

Күні кеше оңтүстік астанада жоғалып кеткен тоғыз жасар Месут Мырзақұлов аман-есен табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматыда ұйымдастырылған іздеу операциясының нәтижесі белгілі болды. Күні кеше жоғалып кеткен 9 жасар Месут Мырзақұлов аман- есен табылды.

"Аллаға шүкір, бала табылды. Аман-есен. Қазір анасына апарып табыстаймыз",- деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Егжей-тегжейлі ақпарат жақын арада ұсынылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, тоғыз жастағы Месутқа кеше іздеу салынған еді. Жеткіншек 2020 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 13:00 шамасында Медеу ауданында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған болатын. Балақайдың үйден шығып, әжесі жұмыс істейтін №33 мектепке барғаны бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында анықталды. Месут Қалдаяқов көшесінің бойымен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан.

Тоғыз жасар Месут Мырзақұловты іздеуге 250 адам жұмылдырылды.

Жеткіншекті іздеу операциясына қатысқандар арасында иттерін ерткен кинологтар, Ұлттық гвардияның жүз жауынгері, жедел әрекет ету бөлімінің жиырма қызметкері, ювеналды полицияның елу инспекторы және аудандық деңгейдегі учаскелік полиция инспекторлары, қалалық криминалдық полицияның қырық жедел уәкілі, жиырма ерікті және Месут оқитын мектептің бес мұғалімі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872209-almatyda-zogalgan-togyz-zasar-bala-aman-esen-tabyldy/

pixel