RU

"Күдікті пакет келді": Нұр-Сұлтандағы Израиль елшілігі қоршауға алынды

Полициясы
Көрнекі фото: pexels.com

Елордалық тәртіп сақшылары "Азия" іскерлік орталығын қоршауға алды. Тұрғындар желіде кинологтар мен қаруы бар қауіпсіздік қызметкерлері туралы мәліметтерді бөлісіп, видеолар жүктей бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтанның ПД-не сілтеме жасап.

Қоршалған аймақта Израильдің Қазақстандағы елшілігі орналасқандығы белгілі болды.

Бейнежазбалар әлеуметтік желілерде пайда болғаннан кейін көп ұзамай NUR.KZ порталы елордалық полиция департаментінен түсініктеме алды.

Бүгін, 2020 жылдың 2 қыркүйегінде 102 жедел желісіне Израиль елшілігінен күмәнді белгілері бар екі сөмкенің пошта арқылы келгені туралы хабарлама түскені белгілі болды.

Тексеріс көрсеткендей, сәлемдеме елшіліктерге Тель-Авив қаласынан Алматы арқылы жеткізіліпті. Оның салмағы 7 келіден асқан.

Оқиға орнында департаменттің тергеу-жедел тобы, кинологтар мен астананың төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеді. Кинологтардың көмегімен ғимарат пен оның айналасына толық тексеру жүргізілді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ашып, тексерген сөмкелердің өзінде қауіпті ештеңе табылмаған, тек жеке заттар анықталыпты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыда тоғыз жасар Месут есімді жеткіншекке іздеу салынған еді. Ол 2020 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 13:00 шамасында Медеу ауданында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған болатын.

Ал бүгін оңтүстік астананың полициясы жасөспірімді аман-есен ата-анасымен қауыштырға еді. Месуттың осы уақыт бойы бұрын көршілес тұрған досының үйінде болғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1872262-kdikti-paket-keldi-nr-sltandagy-izrail-elsiligi-korsauga-alyndy.html