Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1,2 млн теңгені құрайтын жалған банкноттар анықталды

Опубликовано:

СІМ аудит тексерісі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанда биыл жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрайтын 381 жалған банкнот анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің банкноттарды және монеталарды сараптау басқармасының басшысы Асхат Әбішев айтты.

Оның сөзінше, елімізде 2020 жылдың жеті айында жалпы сомасы 1,2 миллион теңгені құрайтын 381 жалған банкнотасы анықталған. Сонымен қатар, аталған кезеңде жалған монеталарды шығару фактілері тіркелмегені белгілі болды.

Банк өкілі жалған ақша белгілерінің саны 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,9 % - ға төмендеген (өткен жылғы көрсеткіш - 718 банкнот және 6 монета).

Жалған банкноттардың басым бөлігі Алматы қаласында анықталды. Яғни оңтүстік астанада 243 жалған банкнот (63,78%) тәркіленген.

Бұл ретте, көбінесе Қазақстанда 2020 жылы номиналы 2 мың (41,47 %) және 5 мың теңгелік (31,5%) банкноталар қолдан жасалған.

Осы орайда заң мамандары Қазақстанда жалған банкноттары шығару және сатумен айналысқандар 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталатынын тұрғындардың есіне салды.

Еске сала кетсек, қазақстандықтар қаражатын қай банктерде сақтағанды дұрыс көретінін осыған дейін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1872277-kazakstanda-12-mln-tegeni-krajtyn-zalgan-banknottar-anyktaldy/

pixel