RU

Алматыда көпбалалы отбасыны үйден шығармақ болды: Тергеу басталды

әйел
Видеодан кадр: Silk Road YouTube арнасы

Алматы полицейлері жеке сот орындаушылары мен кәмелетке толмаған төрт баласы бар әйелдің арасындағы жанжалды зерттеп жатыр. Ер адамдар келіншекті үйінен күштеп шығармақ болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

2020 жылдың 31 тамызында алматылық Татьяна Мартынова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, отбасына көмектесуін өтінді.

Silk Road YouTube арнасында жарияланған видеода келіншек өзін және балаларын үйінен аңсыз шығарғалы жатқанын айтқан.

"Сізден көп балалы отбасын заңсыз шығаруды тоқтатып, шара қолдануыңызды сұраймыз. Өйткені бұл сатып алушыларға арналған Қазақстан Республикасының заңдары жоқ. Біз шарасызбыз, сіздің бізге көмектесіңізді сұраймыз", - деді Мартынова видеода.

1 қыркүйекте Мартыновалардың үйіне бір топ адам кіріп келген. Болған жағдайды видеоға түсіріп тұрған адамның дауысы олардың қолдарында шоқпар барын айтқан.

Келесі кадрларда ер адамдардың жеке аумаққа баса-көктеп кіргені көрінеді. Келушілер мен үй иелері арасында (соның ішінде әйел мен зейнеткердің) бірнеше қақтығыс орын алған.

Сонымен бірге 3 қыркүйекте сот шешімін кейінге шегеру туралы тыңдалым болуы керек еді. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ғана жанжалды тоқтата алған. Сөйтіп олар сот орындаушысын ұстап әкеткен.

Осы мәселеге байланысты NUR.KZ редакциясы Алматы қаласы ПД ресми пікір білдіруін сұрады.

"Аталған дерек қазіргі уақытта Әуезов ауданы ПБ қарсыт полиция бөлімінде ҚР ҚК 389 бабы, 3 бөлімі бойынша тергелуде. Іс бойынша тергеу аяқталған соң нақты процессуалды шешім қабылданады", - деді департамент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1872282-almatyda-kpbalaly-otbasyny-jden-sygarmak-boldy-tergeu-bastaldy.html