RU

Неміс мамандары Навальныйдың ағзасынан улайтын "Новичок" іздерін тапты

Ресейлік Навальный
Алексей Навальный. Фото: РБК / Владислав Шатило

Германиялық мамандар ресейлік оппозиционердің организмінен әскери улайтын заттардың ізін тапты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

РИА Новостидің жазуынша, бундесвер зертханасының неміс мамандары Алексей Навальныйдың "Новичок" тобының жүйке қоздырғышымен уланғанын айтты.

Мұндай мәлімдемені Германия министрлер кабинетінің ресми өкілі жасаған.

Бұл нәтижелер туралы Германия билігі Еуропалық Одақ пен НАТО-ны хабардар ететіні хабарланды.

Сонымен қатар Химиялық қаруға тыйым салу ұйымымен байланыс орнату жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, Алексей Навальный жағдайы нашарлаған кезде Омсктен Мәскеуге қарай ұшқан. Ол дәретханаға кіріп, сол жерде оның денсаулығы нашарлағаны хабарланған.

Ұшақ Омскке шұғыл қонған. Блогерді ауруханаға жеткізіп, ол комаға түскен.

Айта кетсек, саясаткер Томск әуежайында шай ішкен. Ал ұшақ бортында ол өзін кенеттен жайсыз сезінген. Навальный ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген.

Саясаткердің штабы мен баспасөз хатшысы оны уландырды деп күдіктенуде. Себебі бұндай жағдай өткен жылы орын алған.

Сондай-ақ Омск дәрігерлері Алексей Навальныйды Германияға емделу үшін жіберуге рұқсат бермей отырғаны хабарланды.

Германия канцлері Ангела Меркель Франция көшбасшысы Эммануэль Макронмен кездескеннен кейін Германия Навальныйды қабылдап, оған медициналық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1872292-nemis-mamandary-navalnyjdy-agzasynan-ulajtyn-novicok-izderin-tapty.html