Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4006 жылы ақырзаман болатынын айтқан маман дабыл қақты

Опубликовано:

Топан су
Көрнекі фото: enovosty.com

Леонардо да Винчидің туындысын зерттеген маман 4006 жылы ақырзаман болатынын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы golos.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Леонардо да Винчидің туындылары бірталай зерттеуші-мамандардың қызығушылығын тудыруда. Суретшінің картиналары болашақты болжайтынына сенімді мамандардың бірі, Ватикан тарихын зерттеуші Сабрина Сфорца Галиция суретшінің туындыларының біріндегі құпияны ашқанын мәлімдеді.

Ол италиялық суретші Леонардо да Винчи қалдырып кеткен болашаққа қатысты болжамдардың бірін таба алғанын айтуда.

Маманның сөзіне сенсек, суретшінің туындысы 4006 жылы ақырзаман болатынын көрсеткен. "Құпия кеш" деп аталатын картинадан әлемнің болашағын жорыған маман суреттегі латын қарпімен жазылған 24 әріп тәуліктің 24 сағатын білдіретінін алға таруда. Одан бөлек картинада үш топ апостол, үш терезе сынды дүниелердің салынуы үш санына баса назар аудартады екен.

Құпия кеш
Фото: art.goldsoch.info

Осылайша, бұл сандарға астрологиялық білімін, нақтырақ айтқанда Зодиак белгілері туралы білімді сәйкестендірген маман, ақырзаман 4006 жылдың 21 наурызында болады деген тоқтамға келді.

Ол осы күнде Жерді топан су басып, табиғат құбылысы 1 қарашаға дейін жалғасатанынын болжады. Да Винчидің туындысы осы күнде барлық адамзат жер бетінен жойылатынын болжап кеткен дейді маман.

Еске салсақ, бұған дейін әлемдегі ең қарт ерлі-зайыптылар 79 жыл жұптары жазылмауының құпиясымен бөліскен болатын.

Одан бөлек, АҚШ ғалымдары клапаны бар бетперделер коронавирустан қорғамайды деген тұжырым жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872346-4006-zyly-akyrzaman-bolatynyn-ajtkan-maman-dabyl-kakty/

pixel