RU

Қазақстанда кімдер 2021 жылы зейнетақы жинағын пайдалана алады

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкіметтің онлайн-брифингінде 2021 жылы қазақстандықтардың қайсысы зейнетақы жинағынан ақша ала алатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Егер жиналған сомасы жеткілікті шектен жоғары болса, БЖЗҚ-да жинағы бар жұмыс істейтін азаматтар ала алады. Олар жеткіліктілік шегінен асатын соманың бір бөлігін ала алады", - деді министр.

500 мыңнан астам адам зейнетақы шоттарына жеткілікті ақша жинаған. Алдын ала есеп бойынша, ер адамдар мен әйелдер үшін жеткіліктілік шегі осылай болмақ:

30 жас - жеткіліктілік шегі 2 млн 518 мың теңге, осы мөлшерден асып кетсе, жинақтауды алуға болады;

35 жас - 2 млн 961 мың теңге;

40 жас - 3 млн 437 мың теңге;

45 жас - 3 млн 947 мың теңге;

50 жас - 4 млн 495 мың теңге;

55 жас - 5 млн теңге;

59 жастан жоғары - 5 млн 586 мың теңге

Зейнетақы жинағын шеше алатын екінші санаттағы азаматтарға зейнеткерлер жатады. Министрліктің хабарлауынша, зейнет жасына жеткен азаматтар БЖЗҚ-дан жинағының 50%-ын шеше алады.

"Осындай азаматтардың саны 178 мыңнан астам адам. Олардың ішінде құқық қорғау органдарының зейнеткерлері де бар. Жалғыз шарт - зейнетке шыққан адамдар. Ол алатын зейнетақының мөлшері соңғы жалақының 40% -ынан кем болмауы керек. Үшінші санат - зейнетақы аннуитеті шартын жасағандар. Егер сақтандыру компаниясына ақша аударылғаннан кейін (зейнетақы аннуитетін сатып алған кезде) қаражат қалса, онда олар қалғанын толығымен алуға құқылы. Бізде 13 300 осындай адам бар. Жалпы алғанда 721 мың адам БЖЗҚ жинағын пайдалана алады", - деді министр.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасады.

Жолдауы барысында мемлекет басшысы 700 мыңдай қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алуға, оқуға немесе денсаулығы үшін пайдалана алатынын айтты.

Кейінірек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 700 мыңға кімдердің кіргенін айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1872377-kazakstanda-kimder-2021-zyly-zejnetaky-zinagyn-pajdalana-alady.html