Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы қорындағы ақша емделу үшін қалай берілетіні белгілі болды

Опубликовано:

Қысым1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын емделуге пайдалану тәртібін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

"Денсаулық сақтау басқармаларының жанынан комиссиялар құрылатын болады. Сол комиссиялар емдеу қажеттілігін айқындайды. Ал емделуге баратын адам клиниканы таңдағаннан кейін өзінің өтінішін уәкілетті операторға тапсырады. Операторды үкімет белгілейді", – деді Нұрымбетов үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын емделуге жұмсаудың нақты қағидаларын айқындайды.

"Сондай-ақ зейнетақы жинағын басқару үшін қаржылық компаниялардың басқаруына беруге мүмкіндік бар. Барлық өтініш Бірыңғай  жинақтаушы зейнетақы қорына беріледі. Ал зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады", – деп атап көрсетті Нұрымбетов.

Оның сөзіне қарағанда, жылдың соңына дейін қажетті құқықтық-нормативтік актілер қабылданады да, 2021 жылдан зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Айта кетейік, министр зейнетақы қорындағы ақшаны тұрғын үй алу үшін пайдалану тәртібін де түсіндіріп берді. Ол ақшаға жер учаскесін немесе баспана сатып алуға мүмкіндік беріледі. Пәтерді жаңа үйден ғана емес, қайталама нарықтан да алуға болады.

"Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға немесе өтеуге де болады. Ондай шарттар кез келген банктен және кез келген бағдарламамен алынған ипотекаға тарайды. Тұрғын үй салу, жөндеу немесе кеңейту мүмкіндігі де қарастырылады. Бұл жерде бір ғана шектеу болуы мүмкін. Оған сәйкес, зейнетақы жарнасына сатып алынған үйді бес жылдың ішінде сатуға болмайды", – дейді Нұрымбетов.

Оған қоса, Біржан Нұрымбетов 2021 жылы қазақстандықтардың қайсысы зейнетақы жинағынан ақша ала алатынын айтты.

Жолдау барысында мемлекет басшысы 700 мыңдай қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алуға, оқуға немесе денсаулығы үшін пайдалана алатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1872384-zejnetaky-koryndagy-aksa-emdelu-sin-kalaj-beriletini-belgili-boldy/

pixel