RU

Ипотека, үй жөндеу, емделу: БЖЗҚ-дан алған ақшаны не нәрсеге жұмсауға болады

пәтер
Көрнекі фото: pixabay.com

Жинақтаушы зейнетақы қаражатының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға ғана емес, сонымен қатар ипотеканы төлеуге де қолдануға болады. Бұл туралы онлайн брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Біржан Нұрымбетов жылжымайтын мүлік сатып алуға көптеген шектеулер қойылмайтынын айтты. Бұл қаражатқа тұрғын үй немесе жер сатып алуға болады.

Тұрғын үйді тек жаңа ғана емес, сонымен қатар бұрын пайдаланылғанын да сатып алуға болады. Алайда мұнда белгілі бір шарттар бар: зейнетақы жинағы арқылы алынған үйді алдағы бес жылда сатуға болмайды.

"Үйі бар болып, осы ақшаны ипотека төлеуге жұмсауға болама", - деп сұрады журналистер.

Министр бұған жауап ретінде бұл қаражатты кез келген екінші деңгейлі банктен бұрын алынған ипотекалық несиені қайта қаржыландыруға немесе төлеуге пайдалануға болатындығын айтты.

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтары қолданыстағы тұрғын үйлерді кеңейтуге, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына және жөндеуге жұмсауға болады.

Сонымен бірге, жиналған зейнетақы қорын емделу үшін де алуға болады. Нұрымбетовтың хабарлауынша, азамат өзінің емделуіне ғана емес, жұбайының және жақын туыстарының еміне де ақша ала алады.

Жақын туыстарына ата-аналары, ата-әжелері, бауырлары, балалары, немерелері жатады. Сондай-ақ, бір отбасынан шыққан адамдардың зейнетақы жинақтарын біріктіру мүмкіндігін қарастыру жоспарланып отыр.

Бұған дейін ол БЖЗҚ-дан кімдердің ақша ала алатынын айтты. 721 мыңдай қазақстандық 2021 жылы зейнетақысының бір бөлігін ала алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1872401-ipoteka-j-zndeu-emdelu-bzzk-dan-algan-aksany-ne-nrsege-zmsauga-bolady.html