RU

Қазақстанда зейнет жасы төмендетіле ме: Еңбек министрлігі жауап берді

зейнеткер
Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі онлайн брифингте Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендетіле ме деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналистердің пікірінше, коронавирус пандемиясы көптеген қазақстандықтардың денсаулығында проблемалар бар екенін көрсетті. Олар азаматтардың барлығы бірдей зейнеткерлік жасқа дейін өмір сүре бермейтінін айтқан.

Осыған байланысты БАҚ өкілдері Қазақстанда зейнетке шығу жасы қысқарады ма деп сұрады.

Бұған жауап ретінде Біржан Нұрымбетов қазір министрлер кабинеті зейнеткерлік жасты төмендету мәселесін қарастырып жатпағанын мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта билік тұрғындардың табысын арттыру мақсатында жұмыс істеп жатыр. БЖЗҚ-ға аударымдардың мөлшері тікелей осыған байланысты.

Тағы бір міндет - жұмыспен қамтуды арттыру. Ең алдымен, халықтың ресми жұмыспен қамтылуы және қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің кірістілігі маңызды.

Айта кету керек, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер 59,5 жасында, ер адамдар - 63 жасында зейнетке шыға алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Біржан Нұрымбетов 721 мыңдай қазақстандық 2021 жылы зейнетақысының бір бөлігін ала алатынын айтқан еді.

Олардың қатарында БЖЗҚ-да жинағы бар жұмыс істейтін азаматтар мен зейнеткерлер бар.

Ал БЖЗҚ-дан алған қаржыны қазақстандықтар емделуге, үй алуға немесе білім алуға жұмсауына болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1872422-kazakstanda-zejnet-zasy-tmendetile-me-ebek-ministrligi-zauap-berdi.html