RU

СҚО әкімінің орынбасары қарамағындағы адамның жемқорлығы үшін қызметінен кетті

Антон Федяев
Антон Федяев. Фото: dsh.sko.gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі өзінің орынбасары Антон Федяевті жұмысынан босату туралы шешім қабылдады. Бұл Ақжар ауданының әкімі Ербатыр Мадияровқа да қатысты. Олардың қарамағындағлар жемқорлық қылмыстары үшін сотталған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

СҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң бойынша қол астындағылардың қылмысы үшін жауапты болғандықтан облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев пен Ақжар ауданының әкімі Ербатыр Мадияров қызметінен шеттетілген.

Шенеуніктердің жұмыстан босталуына олардың қарамағына кіретін МСҚБ бұрынғы басшысы Батырбек Қалабаев пен Ақжар ауданы әкімінің экс-орынбасары Құрал Досымбековке шыққан сот үкімі себеп болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары отставкаға кетуге өтініш берген.

Еске сала кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшысы ұсталғанын мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, басқарма басшысымен бірге оның орынбасары да тергеуге алынған. Олар алдын ала сөз байласып, мердігерлік ұйым директорынан іс жүзінде орындалмаған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 миллион 600 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Сондай-ақ, бұған дейін пара алды деп ұсталған қорғаныс министрлігінің генералы Қайрат Көпбаевқа қатысты сот процесі қызу жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1872439-sko-kimini-orynbasary-karamagyndagy-adamny-zemkorlygy-sin-kyzmetinen-ketti.html