Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күзде карантин қайта күшейтіле ме: Үкімет басшысының орынбасары жауап берді

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Ералы Тоғжанов онлайн брифинг барысында қазақстандықтар күзде кезекті локдаунға дайындалу қажет пе деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы 17 қыркүйек күні елде COVID-19 пандемиясына байланысты карантин қайта күшейтіледі деген ақпарат таратып жатқанын айтты.

Олар бұл ақпараттың қаншалықты рас екеніне қызығушылық танытып, қараша айында расымен күніне 5000 адам ауру жұқтыруы мүмкін бе деген сауал қойды.

Өз жауабында Ералы Тоғжанов елде қайтадан локдаун енгізу жоспарланбағанын атап өтті.

Оның сөзінше, Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Бұған аурудың өсу деңгейінің азаюы мен инфекциялық және провизорлық стационарлардағы төсек орындардың босап қалғаны дәлел болып отыр.

"Бүгінде аурудың өсуі деңгейі 0,1% пайыз болып отыр. Бұл - эпидемияға қарсы өткізілген шаралардың нәтижесі. Ауруханалардағы төсек-орындардың 17 пайызы ғана пайдаланылуда. Сондықтан, бүгінде жағдай тұрақты және карантинді қайта енгізуге ешқандай негіз жоқ деп айта аламын", - дейді үкімет басшысының орынбасары.

Вице-премьер ел билігі керісінше, карантинді әрі қарай жеңілдету шараларын қабылдамақ ниетте екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін соңғы екі тәулікте Түркістан облысында коронавирус жұқтырған адамның мүлде тіркелмегенін хабарлаған едік.

Ал Алматыда вирус жұқтыру деңгейі екі есеге азайған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872503-kzde-karantin-kajta-ksejtile-me-kimet-bassysyny-orynbasary-zauap-berdi/

pixel