RU

Нұр-Сұлтанда маска тағудан бас тартқан шетел азаматы 80 мың теңге айыппұл арқалады

Рейс1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ұшаққа отыру кезінде маска тағудан бас тартқаны үшін Украина азаматына айыппұл салынды. Ол енді 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабұловқа сілтеме жасап.

Бұл жағдай туралы Air Astana қызметкері хабарлады. Оның айтуынша, жолаушылардың бірі Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінің ұшағына отыру кезінде маска тағудан бас тартқан.

Тәртіп бұзушы Украина азаматы болып шықты, оған әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдың мөлшері 30 АЕК, яғни 83 340 теңгені құрады.

Осыған байланысты Байғабұлов қазақстандықтарға әуежайда тіркеу кезінде және әуе кемесіне отыру кезінде маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы өтінішін жеткізді.

Оның айтуынша, бұл өзіңіздің және басқалардың денсаулығын сақтауға, сондай-ақ айыппұл түріндегі жазадан құтылуға мүмкіндік береді.

Санитар дәрігер сонымен қатар, бақылау тобы әуежайлар мен ұшақтарда жолаушылардың санитарлық нормаларды сақтауын қамтамасыз ету мақсатында үнемі рейдтер жүргізетінін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына "санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормалар аясында заңнама шарттарын бұзу" бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынғанын мәлімдеген болатын.

Оған қоса, Алматыда карантин режимін бұзған мекеме иелеріне 39 миллион теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1872654-nr-sltanda-maska-tagudan-bas-tartkan-setel-azamaty-80-my-tege-ajyppl-arkalady.html