Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әшімбаев мемлекеттік басқарудағы олқы тұстар белгілі болғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Мәулен Әшімбаев
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Мәулен Әшімбаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында пандемиямен күрес кезеңінде мемлекеттік басқару жүйесінде қандай мәселелер бар екені белгілі болғанын айтты.

Сондай-ақ, Сенат Төрағасы барлық мемлекеттік аппарат үшін карантин нағыз сын сағаты болғанын жеткізіп, осы жайтқа ерекше назар аударды. Шын мәнінде, бұл кезеңде мемлекеттік органдардың тиімділігіне қатысты көптеген проблемалар туындағаны белгілі.

Мәулен Әшімбаев
Фото: Хабар 24» телеарнасының бейнежазбасынан скриншот

Сұхбат барысында Мәулен Әшімбаев кейбір шешімдердің дер кезінде қабылданбауына, жекелеген мемлекеттік органдар мен ведомство қызметкерлері көп жағдайда бір-бірінің қызметін қайталайтынына, көптеген үдерістердің ескіргеніне және оларды цифрлық форматқа ауыстыратын кез келгеніне тоқталып өтті.

«Мемлекеттік аппаратты оңтайландыру керек. Жүйені қайта жаңғыртып, бұл бағытта жаңа, заманауи технологияны қолдану қажет. Халыққа жедел қызмет көрсетуге, дер кезінде шешім қабылдауға және ақпаратты жеткізуге мүмкіндік беретін цифрландыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізген жөн. Батыста кеңінен қолданылып, өзінің тиімділігін дәлелдеген жобалық менеджмент тәсілін біздің мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу керек. Мысалы, Ұлыбританияда Үкімет жобалық менеджмент жүйесін кең ауқымда және мақсатқа сай қолданады», – деді Сенат Төрағасы.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев мемлекеттік қызметшілердің кадрлық әлеуетін арттыру, жұмысқа болашағынан үміт күттіретін, белсенді, бастамашыл мамандарды жұмылдыру қажет екеніне тоқталып өтті.

Мәулен Әшімбаев
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сұхбат кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңа Жолдауында айтылған ауыл әкімдерін сайлау мәселесіне қатысты да сұрақ қойылды.

«Әкімдерді сайлау мемлекеттік қызметке бастамашыл, белсенді азаматтарды тарту үшін қолға алынған тиімді тетіктерді бірі екені сөзсіз. Бұл әкімшілік-аумақтық бірлікке басшылық ететін адамды ауыл тұрғындарының өздері таңдауына мүмкіндік береді. Аталған үрдіс келесі жылдан басталатын шығар. Өйкені, Президентіміз Жолдауда алдағы жылы бірқатар әкімнің мерзімі аяқталатынын атап өтті», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы ауыл әкімдігіне өз кандидатурасын ұсынғысы келген азаматтарға ешқандай кедергі келтірмей, бәріне тең мүмкіндік берудің маңызды екенін тілге тиек етті.

Хабар 24» телеарнасының бейнежазбасынан скриншот
Фото: Хабар 24» телеарнасының бейнежазбасынан скриншот
«Әкімдікке кандидаттарға арналған базалық шарттарды анықтау керек. Олар: азаматтығы, білімі және кәсіби тәжірибесі. Бұл белсенді және бастамашыл азаматтарға, оның ішінде жастарға сайлауға қатысу арқылы өз қарым-қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Егер сол округтің тұрғындары кімді лайықты деп таныса, соны сайлайды. Біз бұл бағыттағы заң жобасын қараған кезде осы айтылғандарды ескереміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1872679-simbaev-memlekettik-baskarudagy-olky-tstar-syn-sagatta-belgili-bolganyn-mlimdedi/

pixel