RU

"Күлейін бе, жылайын ба": Елордада онлайн сабақта оқушыларға порно көрсетілген

Онлайн сабақтар
Көрнекі фото: astrakhanfm.ru

Нұр-Сұлтан қаласында ZOOM платформасында математика пәнінен онлайн сабақ уақытында бесінші сынып оқушыларына порно көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Енді сабақтар Microsoft Teams платформасына ауыстырылады деп жазады Today.kz.

"3 қыркүйекте ZOOM платформасында 5 - сынып оқушыларын оқыту үдерісіне бөгде адамдар араласып, математика сабағын үзіп, балалардың компьютер экрандарына ұятсыз слайдтар мен балағат сөздер көрсеткен.

Ата-аналардан және мұғалімнен хабарлама алғаннан кейін мектеп әкімшілігі балалармен және ата-аналармен онлайн-кеңес өткізді, оқушылармен чаттар мен платформаларда жұмыс істеу кезінде этиканы сақтау туралы тәрбие жұмысы жүргізілді.

Сондай-ақ, кешке ата-аналар балалардың ұялы телефондарын бөгде адамдармен байланысын білу үшін тексерді, бірақ ештеңе анықталған жоқ. Сабақтарды өткізу Microsoft Teams платформасына ауыстырылды. Алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмас үшін полиция департаментіне хат жолданды",- деді білім беру басқармасында.

Бұл жаңалықтан хабардар болған желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.

"Енді қалмағаны осы еді", "Сауатсыздандыру", "Күлейін бе, жылайын ба? Күлейін десем, болашақ әкемін","Неге мектептер ғана онлайн, бәрі жұмыс істеп тұр" деді олар.

Айта кетейік, 2 қыркүйек күні Өзбекстандағы барлық жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсыратын емтихандар басталды.

Олар стадиондар мен басқа да ашық алаңдарда өтіп жатыр. Себебі, жабық ғимараттар эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, емтихандарды оңтайлы мерзімде өткізу үшін жеткілікті сыйымдылығы жоқ.

Ал Шымкенттегі 500 адамға арналған тойхана мектепке айналып жатыр.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1872685-klejin-be-zylajyn-ba-elordada-onlajn-sabakta-okusylarga-porno-krsetilgen.html