RU

Алматы-Семей рейсінің ұшақ бортында "бөтен" жолаушы табылды

Рейс1
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыдан Семейге ұшатын рейс өз уақытынан 40 минутқа кешікті. Белгілі болғандай, бортта басқа рейстің жолаушысы болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жағдай FlyArystan ұшағында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ сағат 10: 55-те ұшуы керек болған, бірақ көп ұзамай барлық жолаушылар салоннан шығарылды.

Олардың айтуынша, артық жолаушыны анықтау үшін отырғызу процедурасын тағы да қайталауға тура келді, деп жазады Arnapress.kz.

Басылым FlyArystan-мен рейстің кешігуіне не себеп болғанын анықтады. Компанияның баспасөз қызметі шынымен де бортта бөтен жолаушы болғанын растады.

Тасымалдаушының айтуынша, жолаушы басқа рейспен ұшуы керек болған, бірақ белгісіз себептермен ол осы бортқа отырыпты. Сондықтан екінші тексеру жүргізілді: тексеру жолаушылар арасынан артық жолаушы тапқан жағдайларда жүргізіледі.

Енді бұл нақты кімнің қателігі екенін, яғни әуежай қызметкерлері ағаттық жіберді ме, әлде жолаушы шатасты ма, анықтау қажет болады.

Осы мақсатта, FlyArystan-да айтылғандай, тергеу жүргізілетін болады. Басылым осы жағдайдың салдарынан ұшақ көкке 40 минутқа кеш көтерілгенін атап өтті. Қазіргі уақытта ұшақ діттеген жеріне аман-есен жеткені белгілі.

Еске салсақ, ұшаққа отыру кезінде маска тағудан бас тартқаны үшін Украина азаматына айыппұл салынған еді. Ол енді 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі керек.

Оған қоса, бұған дейін елордадан Алматыға бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы аспанда құспен соқтығысып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1872863-almaty-semej-rejsi-bortynda-bten-zolausy-tabyldy.html