RU

Доллар бағамы екі теңгеге өсті

Telegram logo VKontakte logo

7 қыркүйек күні таңертең шетел валютасының бағамы қайта көтерілді. Белгілі болғандай, доллар екі теңгеге қымбаттаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шетел валютасы

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстан қор биржасындағы дүйсенбі күнгі таңертеңгілік сатылым доллар бағамының 420,76 теңгеден 422,74 теңгеге дейін өскені байқалды.

Ескі және жаңа бағамның айырмашылығы 1,98 теңгені құрады.

NUR.KZ сайтындағы валюта бағамдарына қатысты ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12: 30-ға дейін банктер мен айырбас пункттерінде валюта айырбастау келесі бағамдар бойынша жүзеге асырылады:

  • Алматыда бағалар 420,5 - 422,5 теңге (сатып алу) мен 423,9 - 426,1 теңге (сату) арасында өзгеруде;
  • Елордада доллар 420,5 - 422,1 теңгеден (сатып алу) 424,2 - 426,1 теңге (сату) аралығында саудалануда.

Айта кетейік, бағамның тағы бір күрт өсуі 3 қыркүйек күні байқалды. Ол кезде өсім екі теңгеден асқан болатын.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын еліміздегі айырбастау нүктелерінде доллар бағасы 475 теңгеге жеткен еді.

Қорғаныс министрлігі

Тағы да оқыңыздар

Мәскеу маңындағы полигонында Армия халықаралық ойындары-2020 аяқталды

Мәселен, алматылық валюта айырбастау нүктелері долларды 440-460 теңгеден сатып алып жатты. Шетелдік валютаны сату бағасы 471,5 теңгені құрады. Бірақ доллар сатып жатқан нүктелер аз болған еді.

Ал Нұр-Сұлтанда америкалық валюта доллар 470-475 теңгеден сатылған болатын.

Ал бұдан бірнеше күн бұрын аталған екі қалада айырбас нүктелері доллар сатуды мүлде тоқтатқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Доллар бағамы екі теңгеге өсті