RU

Ат құлағында ойнайтын отандық каскадерлар Диснейдің "Мулан" фильмінде бой көрсетті (фото, видео)

Номад
Фото: @nomadstunts

Отандық Nomad Stunts студиясының каскадерлары әлемге әйгілі Диснейдің "Мулан" фильміне түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

АҚШ, Қытай, Канада елдері бірігіп түсірген фильмнің бюджеті 200 000 000 долларды құрайды. Ресейде 10 қыркүйек күні премьерасы жоспарланған фильм үшінші қыркүйектен бастап әлем назарына жол тартқан.

115 минутқа созылатын фильм "Мулан" мультфильмінің желісімен түсірілген. Фильмде ғұн тайпасынан қорғанған қытайлық арудың батырлығы сөз етіледі. Атақты Walt Disney Pictures кинокомпаниясы түсірген фильмге қазақстандық каскадерлар тартылғаны белгілі болды. Бұл туралы Instagram желісіндегі qazaqpyz_goi парақшасы жазып, түсірілім сәтінің видеосымен бөлісті.

"Біздің отандастарымызды мақтан тұтатын сәт! @nomadstunts - өз істерінің шебері! Nomad Stunts - Голливудтің көптеген фильмдерінде бой көрсетіп жүрген қазақстандық каскадерлар студиясы. Бұл видео Disney-дің "Мулан" фильмін түсіру сәтінен алынды. Фильмнің әлемдік премьерасы 2020 жылдың 3 қыркүйегінде басталған", - деп жазды видеомен бөліскендер.

Сол арада студияның ресми желі парақшасы түсірілімнің өзге де видеоларын жария еткен.

Еске салсақ, бұған дейін біз Дисней десе ішкен асын жерге қоятын отбасы үйін ертегі әлеміне айналдырғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, қызына тосынсый жасамақ болған ер адам гелий толы шарлармен әуеге қалықтап ұшып кеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873095-at-klagynda-ojnajtyn-otandyk-kaskaderlar-disnejdi-mulan-filminde-boj-krsetti-foto-video.html