Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қай ғасырда өмір сүреміз": Ауыз судан тарыққан Тараз жұрты әкімдерге өлең арнады

Опубликовано:

Фото
Фото: Кадр/Алматы арнасы

Таразда 50 жылдан бері тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындар шағымын айтты. Олардың сөздерінше, облыс, қала  басшылығының табалдырығын тоздырғанымен, мәселені шешіп беруге қауқарсыз екен. Сол себепті бұрынғы кәріз төгетін торап жанындағы тұрғындар тыйым салынған құдықтан су ішуге мәжбүр деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Тастақ алқабының ашынған тұрғындары жұрт жағдай сұрар жанның болмағанын айтады. Олар қазір 100-ге жуық баспана, жер қазып құдық суын ішуге мәжбүрміз, дейді. Бірақ лай судан кейде құрт та шығады екен.

"Осы жерде 50 жыл тұрдым мен. Істеп береміз деген. Ой, барамыз, қатырамыз деген. Жоқ. Ешқандай жауап жоқ.  Бала-шағамыз бар, немереміз бар, шөбереміз бар. Құдай-ау, біз мақұл, мен 80-де болсам да, балаларымыз аман қалсын да", – деді қала тұрғыны Жаңабай Оспанов.  

Су мәселесінен бөлек қатарында жарық жыры бар. Мұндағы бағаналарды тұрғындар алғаш қоныстанғанда өздері орнатқан екен. Ендігі жарамсыз күйге жеткен.

"Жарық мүлдем жоқ. Жел болса, бітті свет жоқ. Айналайын-ау, қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? "Су да болады, свет те болады бәрі болады. Ол қалай болады? Жылына бір әкім ауысып тұрады қалада. Бір-біріне сілтейді", - дейді тұрғынның бірі.

"Сөзіміз естілмей қор болды" деген жұрт, ұрпағы сөзге тоқтар деген үмітпен өлең жолдарын да арнағандарын жеткізді.

"Ел қамын жеген ер болсаң,

Еңбек ет те, биік ұста еңсеңді.

Өз қамын жеген ез болсаң,

Қарғысына тұздық етер ел сені.

Алдамшы өмір ағынына ілессең,

О дүниеде жауап беретініңді ұмытпа!" - деді олар.

Әкімдік өкілдері 5 көшенің жағдайынан хабардар екенін мәлім етті.

"Жобалық сметалық құаттар толығымен дайын. Ол жерде 2,5 км ұзақтықты құрайды. 26 млн теңге болады. Соны кезең-кезеңімен жасаймыз", - деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Асхат Есенәлиев,

Еске сала кетсек, кеше Жамбыл облысы коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873123-kaj-gasyrda-mir-sremiz-auyz-sudan-tarykkan-taraz-zrty-kimderge-le-arnady/

pixel