RU

Ақмола облысында екі бала трактордың астына түсіп, біреуі қаза тапты

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында орақ науқаны кезінде оқыс оқиға болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай қыркүйектің алтысы күні Қорғалжын кентінде орын алған.

"Балалар шөп тиелген трактор тіркемесінің бекіткішіне ауылдың ішінде шығып, одан құлап, доңғалақтың астынан түскен. Соның салдарынан алған дене жарақатынан 8 жастағы ұл бала сол жерде көз жұмса, 5 жасар қыз бала дене жарақатыме Нұр-Сұлтан қалалық ауруханасына жеткізілді. Трактор жүргізушісі сау болған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бірқатар сараптамының да тағайындалғаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында жеке тұрғын үй өртке оранған еді. Соның салдарынан үш бала қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873135-akmola-oblysynda-eki-bala-traktordy-astyna-tsip-bireui-kaza-tapty.html