Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Артық салмақтан арылуға көмектесетін мінсіз таңғы ас мәзірі қандай

Опубликовано:

Артық салмақ
Көрнекі фото: indiastyle.ru

Мамандандырылған фитнес-жаттықтырушы артық салмақтан арылуға көмектесетін мінсіз таңғы ас мәзірін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фитнес-жаттықтырушы Аарон Браун мінсіз ас мәзірінің тізімін назарға ұсынған деп жазады Express басылымы.

Маман артық салмақтан арылғысы келетіндерге таңғы асты тойып ішуге кеңес береді. Ол, осылайша адам күн ұзаққа өзін тоқ сезініп жүретінін алға тартуда. Аарон арықтау үшін мінсіз болып табылатын таңғы ас мәзірінің үш нұсқасын атады:

Бірінші мәзірге сәйкес, таңғы асқа сүт өнімдерін, құс еті, балық пен сиыр етін және теңіз өнімдерін қосқан абзал. Майлы емес ақуыздарға бай тағам тойымды келеді әрі артық тамақ ішіп қоюдың алдын алады дейді маман.

Екінші мәзірге ақуызы мол тағамдар, мәселен, арқан балық, жұмыртқа, көкөніс пен жемістер кіреді.

Ал үшінші мәзір жұмыртқа мен авакадо, майлы балық, шпинат, саңырауқұлақтар мен көкөністерден құралуы керек екен.

Браун таңертең жақсы тамақтану күн ұзаққа аштықты сезінбеуге көмектесетінін айтуда. Күнделікті калорияның елу пайызын таңғы аста, отыз пайызын түскі аста, қалғанын кешкі аста жеу керек дейді ол.

"Мұндай жолмен тамақтанатындар 12 апта ішінде шамамен тоғыз келі салмақ тастай алды. Ал түскі аста тойып тамақ ішетіндер тек 3,5 келі тастай алған", - дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін біз ғалымдар балалардың ақылды болып өсуіне не қажет екенін анықтағанын жазға едік.

Одан бөлек, әлемдегі ең қарт ерлі-зайыптылар 79 жыл жұптары жазылмауының құпиясымен бөліскенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873165-artyk-salmaktan-aryluga-kmektesetin-minsiz-tagy-as-mziri-kandaj/

pixel