Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда өңешіне түйреуіш тұрып қалған 1 жасар сәби аман қалды (фото)

Опубликовано:

Түйреуіш1
Фото: instagram.com/aodbkokshetau

Көкшетаулық дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған сәбиді аман алып қалды. Бұл туралы Ақмола облыстық балалар ауруханасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"27 тамызда оториноларинголог Гүлнар Жүнісова бір жасар сәби жұтып қойған түйреуішті алып шықты. Дәрігердің кәсіби шеберлігінің арқасында наркоз және хирургиялық отасыз баланың өңешіне тұрып қалған түйреуіш алынды", – делінген әлеуметтік желідегі жазбада.
Гүлнар Жүнісова1
Гүлнар Жүнісова. Фото: instagram.com/aodbkokshetau

Сонымен қатар, дәрігерлер баланың тыныс алуы мен сөйлеуі қиындаса, дыбыс шығара алмаса, рефлекторлы лоқсу, өңір сырылы, тыныс алу қимылында діріл байқалса жедел дәрігерге хабарласуға кеңес береді.

Айта кетейік, бұған дейін абайсызда түйреуіш жұтып қойған 17 жастағы жасөспірім өмірімен қош айтыса жаздаған болатын.

Белгілі болғандай, жасөспірім киім тігіп отырып, кішкентей түйреуішті жұтып қойғанын байқамай қалған. Артынша бірнеше күн өткеннен кейін жүрек тұсы шаншыған ол дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Оған қоса, шымкенттік дәрігерлер шеге жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалған еді.

Белгілі болғандай бүлдіршіннің ата-анасы пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Перзентінің белгісіз қатты затты аузына салып, жұтып қойғанын көрген анасы бірден жедел жәрдем қызметін шақырған. Осыдан кейін ауруханадағы білікті хирургтар Әкім Түлкібай мен Асанбай Құрманалиевтің жетекшілігімен бүлдіршінге жабық ота жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873203-kksetauda-esine-tjreuis-tryp-kalgan-1-zasar-sbi-aman-kaldy-foto/

pixel