RU

Дәрігерлер жасөспірім қыздың асқазанынан алты келі шаш алып шықты

Дәрігер1
Көрнекі фото: piqsels.com

Үндістанның Джаркханд штатында дәрігерлер қыздың асқазанынан алты келі шаш алып шықты. Науқас сирек дертпен ауырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

17 жастағы Свити Кумари іші ауырған соң ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның асқазанынан алты келілік шашты алып шыққан.

Анықталғандай, жасөспірім өз шашын ұзақ уақыт жеп келген, осылайша, ол ағзада жинақтала берген.

Дәрігер Сахудың айтуынша, 40 жыл жұмыс тәжірибесінде ол мұндай шашты ешқашан көрмеген.

Ақ халаттылар науқастан трихофагия немесе Рапунцель синдромын анықтаған.

Бұл сирек кездесетін ауру адамды өз шашын жеуге мәжбүрлейді. Осылайша, асқазан-ішек жолында түйіндер пайда болуы мүмкін. Уақытында көрсетілмеген көмек салдарынан адам қайтыс болып кетуі де ықтимал.

Қазір Свити ауруханада жатыр, отадан кейін ем қабылдауда. Ол енді шаш жемеуге уәде берген.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда 16 жастағы қызынан айырылған ана жанайқайын айтқан еді. Ол ақ халаттыларды "соқырішекті анықтай алмады" деп кінәлаған.

"Қызылша болса, қызылшаға анализ алыңыздар, келіңіздер үйге дедік. Солай деп едім, "Бізде ондай не жоқ, анализ ала алмаймыз" деді. "Үш күн жүріп уақытты алып алғансыздар, соқыр ішегі жарылып кеткен деді.

Қалқаманға апарып едік, сол жерден өздері "соқырішек" деп анықтады. Өкпесі таза деді. Рентгені шықты. Одан кейін ЭКГ-сын жасады. Анализдерінің бәрін алды. Соясымен беларубин көп болып тұр деді", - деді ашынған келіншек.

Одан бөлек, Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер-сарапшысы, балалар инфекциясы кафедрасының меңгерушісі Ғалия Құттықожанова Кавасаки синдромының белгілері туралы айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873228-drigerler-kyzdy-askazanynan-alty-keli-sas-alyp-sykty.html