Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда белгісіз біреу көшеде алаңсыз келе жатқан ер адамның ұялы телефонын тартып алған

Опубликовано:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: polisia.kz

Теміртаулық тәртіп сақшылары қала тұрғынына ұрланған ұялы телефонын тауып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

7 қыркүйек күні Теміртау қалалық Полиция басқармасының Шығыс полиция бөліміне 38 жастағы азамат хабарласып, Байсейтов көшесінің бойында оған белгісіз біреу шабуыл жасап, дене жарақаттарын келтіріп, ұялы телефонымен жеті мың теңге ақшасын алып кеткені туралы арызданған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 62 мың теңгені құраған.

Азамат полиция қызметкерлеріне өзіне қастандық жасаған азаматтың бет-әлпетін суреттеп берген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бөтеннің мүлкін тонау бойынша құқық қорғау органында есепте тұрған 20 жастағы азаматты қолға түсірді.

Оны тексеру барысында қалтасынан жәбірленушінің ұялы телефоны анықталып, иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, өткен айдың соңында алматылық фирмалардың бірінен қаскөйлер ішінде 100 миллионнан астам теңгесі бар сейфті ұрлап кеткен еді.

Одан бөлек, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов 9 рет ұрлық жасаған ұры жәбірленушілермен татуласу арқылы бостандықта жүргенін айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873245-temirtauda-belgisiz-bireu-ksede-alasyz-kele-zatkan-er-adamny-aly-telefony-men-aksasyn-tartyp-algan/

pixel