Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақының бір бөлігін алу үшін 30 жастағы қазақстандықтың табысы қандай болу керек

Опубликовано:

Зейнетақы
Көрнекі фото: expansion.mx

Зейнетақының бір бөлігін үйге немесе өзге қажетіне жарату мәселесі қоғам үшін маңызды сауалдардың бірі болып отыр. Осы орайда Нұрфин журналистері Қазақстанның жас азаматы бұл мүмкіндікке ие болуы үшін оның айлығы қанша болуы керектігін есептеп шықты.

Көптеген қазақстандықтар үшін үй сатып алу өзекті мәселе болып отыр. Бұл жайтты ескерген үкімет зейнетақының бір бөлігін өз қажетіне жұмсау мүмкіндігін ұсынды. Алайда бұл мүмкіндікті пайдалану шарттары бірқатар сұрақтарды туындатады.

Шарттарға сәйкес келу үшін қазақстандықтардың табысы қандай болуы керек?

30 жастағы қазастандықтар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 30 жастағы қазақстандыққа зейнетақысының бір бөлігін алу үшін зейнетақы шотында 2 518 000 теңгеден астам қаражат болуы керек. Аталмыш сомадан қалған қаражатты ғана үй жағдайын жақсарту мақсатында шешіп алуға болады.

Аталмыш соманы жинау үшін 18 жасынан бастап жұмыс істеп келе жатқан тұрғынға зейнетақы қорына ай сайын кемінде 17 486 теңге құйып отыру керек. Яғни табысының 10 пайызын құю қажет. Бұл 18 жасынан тұрғында кемінде 174 486 теңге айлық табыс болуы керектігін аңғартады.

Ал егер тұрғын 22 жасынан бастап, яғни университет тәмамдаған уақыттан бастап жұмыс істеуде деп топшыласақ, оның 18 жылдағы айлық табысы 262 291 теңгені құрауы және айлық зейнетақы төлемі 26 229 теңгені құрауы тиіс екен.

Бұл есеп тек шекті соманы жинауға қатысты жасалынуда. Ал сол сомадан өзге шотта тым құрымағанда 1 000 000 теңге артық жиналуы үшін, яғни ипотекаңызға зейнетақы шотыңыздағы 1 000 000 теңгені құйғыңыз келсе, 30 жасыңызда сіз зейнетақы шотыңызға 3 518 000 теңге жинауыңыз керек.

Нәтижесінде 18 жасынан жұмыс істейтін азамат ондай соманы жинау үшін айына кемінде 244 300 теңге табыс табуы керек. Ал 22 жастан бастап жұмыс істейтіндер орта есеппен 366 458 теңге айлық алуы қажет.

Зейнетақыны алу үшін шекті сома мөлшері
Сурет: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі

40-50 жастағы қазақстандықтар

Ал егер 40 жастағы азамат 18 жасынан бастап жұмыс істеуде десек, ол 22 жыл ішінде айына кемінде 130 018 теңге табыс табуы керек. Бұл сома тек 3 437 000 теңге шекті соманы жинауға мүмкіндік береді. Ал 50 жастағы азаматқа шекті сома 4 495 000 теңгені жинау үшін соңғы 32 жыл бойы зейнетақы шотына 11 705 теңге құйып отыру қажет, яғни жалақысы айына 117 057 теңгені құрауы тиіс.

Ал шекті сомадан бөлек шотыңызда алуға болатын 1 000 000 теңге болуы үшін 18 жасыңыздан жұмыс істегеннің өзінде: 40 жаста болсаңыз – орта есеппен айына 168 068 теңге, 50 жаста болсаңыз – айына орта есеппен 143 098 теңге жалақы алуыңыз керек.

Осы тұрғыда бағдарламаның басты идеясы - тұрғындарға өзінің болашақ зейнетақысына салмақ түсірмей, жинақталған қаражатты пайдалану екендігін ескерген жөн. Сол себепті, бағдарламаның басты аудиториясы зейнет жасына келгендер немесе егде жастағы азаматтар екенін аңғаруға болады.

Зейнетақы
Көрнекі фото: vesti.ua

Нәтижесінде зейнетақысын пайдалана алатындар саны елімізде 700 мың адамды құрап отыр.

Алайда, өкінішке қарай, OK Channel telegram-каналының мәліметіне сәйкес, мұндай шарттармен бағдарламаға енетіндердің аясын кеңейту екіталай. Себебі, ел тұрғындарының 93%-ы шекті сомадан жоғары қаражат жинап үлгермеген. Ал қалған 7%-ы зейнеткерлер, зейнет жасына жетіп қалғандар немесе баспанасы бар азаматтар.

Еске салсақ, бұған дейін зейнетақыны мерзімінен бұрын шешіп алғандар 10% салық төлейтінін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Қазақстанда кімдер 2021 жылы зейнетақы жинағын пайдалана алатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1873303-zejnetakyny-zartysyn-alu-sin-30-zastagy-kazakstandykty-tabysy-kandaj-bolu-kerek/

pixel