Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған әйелді тапты

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 57 жастағы әйелді тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ордабасы аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, кешкі сағат 18.00-де әпкесінің заттарын алып, белгісіз бағытқа кеткені туралы арызданған.

Екі күн бұрын жоғалып кеткен 57 жастағы әйелді жақындары іздемеді, өйткені олар оны туыстарына кетті деп ойлаған. Ал оның туыстарының үйінде жоқ екенін білгенде, дереу полицияға жүгінді.

Полиция бөлімінде із-түзсіз жоғалған адамды іздеуге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген тәжірибелі қызметкерлер бағытталды.

Әйелді туыстары мен таныстарының үйінен іздеген полицейлер оны қалалық саябақтардың бірінен тапты.

Тәртіп сақшылар әйелді әпкесіне тапсырды, ол Ордабасы полициясына алғысын білдірді. Белгілі болғандай, әйел отбасылық жанжал салдарынан үйден кетіп қалған.

"Менің әпкемді қысқа мерзімде тапқан полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын. Олардың отбасыларына бақыт, қызметіне сәттілік тілеймін", - деді жергілікті тұрғын өз кезегінде.

Естеріңізге сала кетейік, Үстірт шоқысының иен даласында екі турист - әйел мен оның баласы із-түзсіз жоғалып кетті. Оларды екі тәулік бойы жергілікті тұрғындар мен Маңғыстау облысының әскерилері іздеген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда тоғыз жасар бала жоғалып кетіп, оны 250 адам іздестірген болатын. Көп ұзамай бала аман-есен табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873358-trkistan-oblysyny-policejleri-iz-tzsiz-zogalgan-jeldi-tapty/

pixel