Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адам көлік жөндеу орталығына келген адамды пышақтап тастады (видео)

Опубликовано:

Пышақ1
Фото: Видеодағы кадр

Алматыда қолына пышақ ұстаған ер адам көшеде өтіп бара жатқан адамдарға тап беріп, көлік жөндеу орталығының клиентін жаралады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қолына пышақ ұстаған ер адамның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Видеоның сипаттамасына сәйкес, оқиға түскі уақытта Алматы қаласындағы Әуезов ауданында орын алған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін Әуезов ауданының аумағында орын алған. Мас ер адам көлік жөндеу орталығының клиентіне пышақ салды. Жарақат алған адам дереу ауруханаға жеткізілді.

"Күдікті – Жамбыл облысының тұрғыны Ж. есімді азамат екені анықталды. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді", – деп хабарлады полициядан.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Еске салсақ, Алматыда ер адам 32 жастағы әйелді пышақтап тастағаны туралы жазған едік. Тағы екі адам ауыр жарақаттар алған. Бұл қайғылы жағдайдың мән-жайы белгілі болды.

Одан бөлек, Алматыда ер адам дезинфекция жасаушы азаматқа пышақ ала жүгіргенін жазған едік. Тұрғын үй кешенінің бейнебақылау камераларынан алынған видео әлеуметтік желіде жарияланған болатын.

Оған қоса, Оралда қарапайым отбасындағы тұрмыстық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. 69 жастағы әйел күйеуінің жүрегіне пышақ тығып алған, соның салдарынан ер адам көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1873474-almatyda-er-adam-klik-zndeu-ortalygyna-kelgen-adamdy-pysaktap-tastady/

pixel