Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкөніс салынған пакеттен жарқанат тауып алған Қостанай тұрғыны есеңгіреп қалған (видео)

Опубликовано:

Жарқанат
Фото: userapi.com

Қостанай тұрғыны 6 қыркүйек күні супермаркетте сауда жасаған. Ал үйіне келіп, балаға таңғы ас дайындап жатқан кезде көкөністің ішінен жарқанат шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қостанай жаңалықтарына" сілтеме жасап.

Ирина Вишниченконың айтуынша, супермаркеттен оралғаннан кейін, пакетті тоңазытқышқа салған. Таңертең балаға бутерброд жасай бастаған. Салат жапырақтарын алып, жуған кезде шиқылды естіген.

Алғашында әйел бұл дыбысты сықырлаған пакет деп ойлаған. Ал мұқият қарағанда түбінен жарқанатты байқаған.

Қала тұрғыны осыдан кейін қатты шок болғанын және әлі күнге дейін өз-өзіне келмегенін айтады.

Тіпті оның айқайына күйеуі басқа бөлмеден жүгіріп келген. Айтуынша, абырой болғанда, 9 жасар қыздары пакетті қолына алмаған, олай болмаған жағдайда жарқанат оны тістеп алар еді. Сондай-ақ, жануардың жұқпалы болуы мүмкін.

Осыдан кейін әйел адам күйеуімен бірге супермаркетке барған. Әкімші мұндай жағдайдың дүкенде бірінші рет орын алып тұрғанын айтып, қатты таңғалған.

Ерлі-зайыпты жарқанат салынған пакетті дүкен әкімшілігіне берген. Алайда, Ирина олардың тіпті, кешірім сұрамағанын және ақшаны қайтаруды ұсынбағанын атап өтті.

Басылым журналистері бұл жағдайға байланысты пікір алу үшін қостанайлық супермаркеттің әкімшісі Темірлан Нұсанбаевқа жүгінген. Ол республикалық дүкендер желісінің бас кеңсесіне өтініш тастауды ұсынған. Айтуынша, бұл жағдайда жауапкершілік көкөніс өндірушінің мойнында.

Өнімдер Ресейдің Свердловск облысынан жеткізілетіні белгілі болды. Тілшілер өндіруші Евгений Ионинмен телефон арқылы байланысқа шықты. Ол қазақстандық дүкен әкімшісінің пікірімен келіспеді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда қалалық супермаркеттердің бірінде шу шығарған келіншек ұсталған еді. Ол екі пышақ ұстап, тауарларды лақтырған.

Сонымен қатар дүкенде әнші Сейфуллин Жолбарыспен болған оқиға әлеуметтік желіде тарап, өнер иесі мән-жайды өзі айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873569-kknis-salyngan-paketten-zarkanat-tauyp-algan-kostanaj-trgyny-tadanysyn-zasyra-almady/

pixel