Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алкоголь мен темекінің коронавирус жұқтыру қаупін арттыратыны рас па

Опубликовано:

алкоголь темекі 123
Көрнекі фото: pexels.com

Кез келген мөлшерде алкоголь мен темекі өнімдерін тұтыну COVID-19 індетін жұқтыру қаупін арттырады. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрлігінің және Мәскеу қаласы денсаулық сақтау департаментінің бас штаттан тыс психиатр-нарколог маманы Евгений Брюн мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, алкоголь мен темекіні тұтынғанда инфекцияның адам ағзасына енуіне жол бермейтін мембрана бұзылады.

"Алкогольді кез келген мөлшерде тұтыну коронавирусқа шалдығу қаупін арттырады. Бұл темекіге де қатысты. Оның құрамындағы смола және басқа да заттар мембрананы бұзады, соның әсерінен ауру жұқтыру қаупі артады", – дейді дәрігер.

Оның айтуынша, ағзадағы алкоголь мембрананың өткізгіштігін арттырады. Ал адам жасушаларындағы мембрана инфекцияның енуіне жол бермейтін негізгі тосқауыл болып табылады.

Айта кетейік, бұған дейін оториноларинголог дәрігер Владимир Зайцев тұмау және COVID-19-бен бір мезетте ауырудың қауіптілігін айтқан болатын.

Оның сөзіне қарағанда, коронавирус жұқтырып, тұмаумен бір мезгілде ауыру адам өміріне қауіп төндіреді. Қос ауру өлімге апаруы мүмкін.

Дәрігер тұмаудың пневмонияға айналуы мүмкін екенін, мұрын-жұтқыншақ, бронх және өкпе жұмысының қиындау қаупі бар екенін еске салды. Көп жағдайда коронавирус инфекциясын жұқтыру бронх-өкпелік ауру болып табылады.

Сондай-ақ бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873618-alkogol-men-temekini-koronavirus-zktyru-kaupin-arttyratyny-ras-pa/

pixel