Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында әлеуметтік желіде мектеп оқушысы порно материалдар сатқан

Опубликовано:

жасөспірім жігіт
Көрнекі фото: pixabay.com

Полиция қызметкерлері мониторинг жүргізу кезінде "Вконтакте" әлеуметтік желісінде порнографиялық фотолар мен видео материалдарды Қызылорда облысының жас тұрғыны таратқанын анықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның айтуынша, ІІМ қызметкерлері қызылордалық әріптестерімен бірге өзінің парақшасында порно сату туралы жарнама орналастырған 15 жасар жасөспірімді анықтаған.

Мектеп оқушысы Қызылорда облысының аудандарының бірінде тұрады. Тәртіп сақышылары қосымша тексеру жүргізіп, сексуалдық мазмұндағы бейнежазбаның орындалуын растаған.

Қамқоршы мен балалар психологының қатысуымен бала жыл басынан бері әлеуметтік желілерден порнография сілтемелерін сатып алып, оларды қымбатқа сатқанын мойындады.

Қазір тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

ІІМ интернеттің балалар мен жасөспірімдер психологиясына кері әсер ете алатынын атап өтті. Зорлық-зомбылық пен порнографияны насихаттайтын контентке бақылаусыз қол жеткізу кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылықтың құрбанына айналуына немесе өздері қылмыс жасауына әкеледі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында ZOOM платформасында математика пәнінен онлайн сабақ уақытында бесінші сынып оқушыларына порно көрсетілгенін жазған едік.

Кейінірек, бүл келеңсіз жағдайға Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева да түсініктеме берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873636-kyzylorda-oblysynda-leumettik-zelide-mektep-okusysy-porno-materialdar-satkan/

pixel