RU

Өзі жоқта үйінде белгісіз елестің жүргенін көріп қойған иесі жаға ұстады

Telegram logo VKontakte logo

Жақында TikTok желісінде ileensilva атты қолданушының видеосы желіге тарады. Жантүршігерлік кадрлардан үй жануарлар жүрген бөлмеде ақылға сыйымсыз дүниенің болып жатқанын көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Иттер

Фото: Видеодан кадр

Желіде пайда болған видеода иттер жүгіріп жүрген, алайда диванның үстіне шыққаннан кейін олар кенеттен тынышталып қалған. Ал роликтің 27-ші секундынан бастап бөлмеде тылсым дүниелер орын ала бастағанын анық көруге болады.

Кенеттен диванда жатқан жамылғы өздігімен қозғала бастайды. Бір қарағанда оны көзге көрінбейтін елес төменге тартып жатқандай көрінеді. Диванның астында біреу жасырынып жатқандай сезіледі, алайда жамылғы мен жатын орынның арасы тым аз.

Бейнежазба бірнеше ай бұрын жарияланған болатын, бірақ TikTok алгоритмдері оны қалың аудиторияға жақында ғана кеңінен көрсете бастады. Соңғы бірнеше күнде оны он мыңдаған адам тамашалады. Желі қолданушылары роликке қатысты өз пікірлерін бүкпесіз жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Америкалық азамат пәтерін тонаушылардан аман алып қалу мақсатында үйіне бейнебақылау камераларын қойған. Алайда оған түсіп қалған кадрлар ер адамның үрейін ұшырған.

Жедел жәрдем

Тағы да оқыңыздар

Нұр-Сұлтанда көшеге жүгіріп шыққан жеткіншекті автобус қағып кетті (видео)

Айта кетейік, бұған дейін көкте қалықтаған елестің көпшіліктің зәресін ұшырғаны туралы жазған едік. Бұл тылсым жағдай Мексиканың Истапалуке муниципалитетінде болған.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде елестің ер адамның төсек тұсында тұрған видеосы пайда болды. Тылсым күш кейіпкер жамылған жамылғыны шешіп, оны оятқан секілді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Өзі жоқта үйінде белгісіз елестің жүргенін көріп қойған иесі жаға ұстады