Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда коттедждегі массаж салоны интимді қызмет көрсетіп келген

Опубликовано:

массаж 6546
Көрнекі фото: pexels.com

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері "Участок" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Оның барысында елордадағы коттедждердің біріндегі массаж салонында интимді сипаттағы қызметтер көрсетіліп келгені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, карантин талаптарын бұза отырып жұмыс істеген массаж салонында алты қыз келушілерге интимді қызметтер ұсынып келген.

Аталған массаж салонының бастығы ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450 бабы "Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 100 АЕК көлемінде (шамамен 278 мың теңге) айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары жиналған материалдардың барлығын Есіл ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберді. Массаж салонының қызметкерлері карантин талаптарын бұзу фактілері бойынша жауапқа тартылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбековтің сөзінше, тексеру кезінде массаж салонында интимдік кәсіппен айналысқан 10 жеңіл жүрісті қыз ұсталған.

Сонымен қатар, интимдік сипаттағы массаж жасауға үй ұсынғаны үшін ғимарат иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ бұған дейін Алматы қаласының Наурызбай ауданында карантин кезінде жұмыс істеген үлкен сауна анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873657-nr-sltanda-kottedzdegi-massaz-salony-intimdi-kyzmet-krsetip-kelgen/

pixel