Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 8 бірдей шенеунік жемқорлықпен ұсталды

Опубликовано:

Пара алу сәті
Фото: Хабар 24

Шымкентте 8 шенеунікті жемқорлық үшін сотта жауапқа тартты. Олардың бәрі пара алып жатқан сәтінде ұсталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Шымкенттің жемқорлыққа қарсы департаментінің мәліметіне сәйкес, мелмекеттік санитарлық инспектор алты жылға бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды "Хабар 24".

Мемлекеттік қызметкер төтенше жағдай режимі кезінде бизнесмендерден жергілікті базарда азық-түлік саудасын еш кедергісіз жүргізулері үшін тұрақты түрде пара алып отырған.

Сонымен қатар Әл-Фараби ауданы бойынша кәсіпкерлік бөлімінің басшысы мен мәдениет басқармасы басшысының орынбасары да жемқорлықпен ұсталған.

Қаланың жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Асхат Жұмағалидің айтуынша, осы жылы мекеме қызметкерлері 20 бизнес субъектісінің құқықтарын қалпына келтіре алған. Ол шенеуніктердің "кәсіпкерлер шаруасына жиі араласатынын" алға тартты.

Мемлекеттік қызметкерлер заңсыз ақшалай сыйақы талап етеді немесе істеріне болысқаны үшін пара сұрайды екен. Осылайша, жемқорлықпен күресушілер сегіз бірдей мемлекеттік қызметкерді пара алу үстінде ұстаған.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Атырау облысында аудан әкімі орынбасарының жемқорлығы үшін қызметінен кетуі мүмкін екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873739-symkentte-8-birdej-seneunik-zemkorlykpen-staldy/

pixel