RU

Дүкенді тонаған азамат ұрланған ақшаны кедейлерге таратып берген

Ұры
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейде бутикті тонаған ер адам ондағы қаражатты жағдайы төмен отбасыларға таратып берген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Забайкальский өлкесіндегі Приаргунский ауданында полицейлер сауда бутигіндегі 800 мың рубль қаражатты ұрлап кеткен ер адамды қолға түсірді. Жергілікті ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, ол ұрланған қаражатты толықтай жағдайы төмен отбасыларға таратып жіберген екен.

Бутикке терезе арқылы кіріп кетіп, оны тонаған 23 жастағы азамат өз кінәсін мойындап отыр. Ол дүкенде адам жоқтығын және дабыл орнатылмағанын дүкеннің терезесіне тас лақтыру арқылы тексерген. Ешкім жоқтығына көзі жеткен жігіт ондағы үш ноутбук пен сейфтегі 800 мың рубльді қолды қылыпты.

"Жігіттің сөзіне сенсек, ол жарты қаражатты көмек сұраған кедей адамдарға таратқан, ал қалған жартысын қайырымдылық қорының жәшігіне салып кеткен. Бүгінде бұл ақпарат тексерілуде", - дейді тәртіп сақшылары.

Ұрланған қаражаттың 57 мың рублін ер адам жұмсап үлгермепті. Аталмыш сома қожайынына қайтарылды.

Факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған.

Еске салсақ, бұған дейін біз Шымкентте 8 бірдей шенеунік жемқорлықпен ұсталғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Украинада айыппұлды мүлде төлегісі келмеген келіншек түбіртекті шайнап жеп қойғанын жазған болатынбыз. Мәселені осылайша шешпек болған әйел тәртіп сақшыларының таңданысын тудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873803-dkendi-tonagan-azamat-rlangan-aksany-kedejlerge-taratyp-bergen.html