Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да ауыл тұрғындары балаларына мектеп салып берді (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Артем Букреев

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қособа ауылының тұрғындары балаларына арнап мектеп салып берді. Оқу орнының құрылысы үш жылда аяқталған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Орал апталығына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, елді мекеннің 160-қа жуық тұрғыны мектеп салу үшін кооператив ашқан. Малға бөлінетін субсидияның ақшасы соған аударылған. Нәтижесінде 10 миллион теңге ақша жиналыпты.

Қособа жалпы білім беретін бастауыш мектебі меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы Алтынай Кушекенованың айтуынша, ауылға мектеп салу бастамасын бұрынғы әкім Асқар Есқалиев көтерген.

"Асқар Есқалиұлы осындай идея айтқаннан кейін тұрғындардың барлығы бірауыздан қолдады. Бұл мектептің құрылысы 2017 жылдың көктемінде басталды. Биыл міне, тәмамдалып, 13 оқушы жаңа мектепте білім алып жатыр. Қажетті техникалық құрал-жабдықтармен аудандық білім бөлімі қамтамасыз етеді. Тағы бір айта кетін нәрсе, мектеп құрылысына ауылымыздағы "Жұмалиевтер", "Артығалиев", "Дюсалиева", "Хамитов", "Ерболатов" шаруа қожалықтары демеушілік жасады", - дейді Алтынай.
Фото
Фото: Артем Букреев/Орал апталығы

Оқу орнының іргетасы қаланғаннан бастап, басы-қасында болған ауыл тұрғыны Бауыржан Нұрғалиевтың айтуынша, әркім қолынан келген көмектен аянып қалмаған.

Оның сөзінше, біреуі келіп, фундамент құйысса, енді біреуі кірпішін қалаған. Тағы бірі төбесін жауып беріп, ішкі жұмыстарын жасаған.

"Ауызбіршіліктің арқасында балаларға осындай жаңа мектеп салып бердік", - дейді ол.
Фото
Фото: Артем Букреев/Орал апталығы

Сәбира Жұмалиева есімді елді мекеннің тұрғыны бұрынғы мектеп оқушыларға қиындық туғызып келгенін, күз-қыс мезгілінде салқын болғанын айтады

"Балалардың білім деңгейі жоғары болуы үшін мектепте заманға сай болуы керек қой. Оқушылардың болашағын ойлап, жаңа мектеп салғандары өте жақсы болды. Барлығына алғысымды білдіремін", – дейді ол.

Фото
Фото: Артем Букреев/Орал апталығы

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы Іле ауданына қарасты Көкқайнар ауылының бір топ тұрғыны елді мекендегі интернет пен ұялы байланыс желісінің нашарлығы және жол сапасының тым төмендегін айтып, шағымданған болатын.

Сонымен қатар, Атырау облысы Мақат ауданы Ескене және Таскескен елді мекенінің оқушылары ұялы байланыстың машақаты салдарынан үй шатырына шығып оқуға мәжбүр екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873844-bko-da-auyl-trgyndary-balalaryna-mektep-salyp-berdi-foto/

pixel