RU

Мұрнындағы безеуін сыққан бойжеткен ауыр халде емханадан бір-ақ шықты

Безеу
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытайда мұрнындағы безеуін сыққан бойжеткен ауыр халде емханаға жеткізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы brestnote.by сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Чжэцзян провинциясының 19 жастағы тұрғыны мұрнындағы безеуін сығамын деп ми ауруына шалдыққан деп жазады Daily Mail.

Белгілі болғандай, бойжеткен безеуін сыққаннан кейін оң жақ көзінің ауыратынына шағымдана бастаған. Бірнеше күннен кейін оның ыстығы көтеріліп, көзі қатты ісініп кеткен.

Нәтижесінде жағдайы ауырлап кеткен бойжеткенді 39 градусқа ыстығы көтерілген жағдайда менингиттің белгілерімен емханаға жеткізеді.

Дерттің асқынуына көздің артқы тұсындағы тромбоз себеп болған. Ондай дерті бар әрбір үшінші науқас қайтыс болып жатады екен. Дерттің күрт асқынуы үшін құлақ, мұрын, тіске келген зақым себеп болуы мүмкін.

Бұл жағдайда бойжеткен мұрнындағы безеуді сыққанда инфекция еніп кеткеннен осындай күйге түскен дейді ақ халаттылар.

Бойжеткен антибиотиктермен ем қабылдауда. Оның жағдайы бірқалыпты болғанымен, әлі де ауруханада емделіп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін біз әйгілі "Тақтар таласы" телехикаясында ойнаған актриса көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, мамандар адам миына ерекше пайдалы өнімдердің тізімін жариялағанын жазған едік. Тақпақ жаттап, логикалық ойындар ойнаудан бөлек пайдалы өнімдерді қолдану адам жадын жақсартуға көмектесетінін алға тартқан "Ридус" мамандары есте сақтау қабілетін жақсартатын өнімдердің тізімін назарға ұсынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873915-mrnyndagy-bezeuin-sykkan-bojzetken-auyr-halde-emhanadan-bir-ak-sykty.html