RU

Төреш өзі құда түсті: Диана Исмаилова "Төреғалидің тоқалы" дейтіндерге жауап берді

Диана Исмаилова
Фото: TalkLike

Төреғали Төреәлімен бірге ән шырқап жүрген Диана Исмаилова Аман Тасығанның TalkLike жобасына сұхбат беріп, Төреғалимен қарым-қатынасы туралы сыбыстарға нүкте қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Әнші әрі композитор ретінде ел арасында танылып келе жатқан Диана Исмаилова өзінің өміріне тоқталып өтті.

"Семейден, Үржар деген жерден боламын. Қарапайым отбасынан шыққанмын. Ата-анамның негізгі мамандықтары - музыкант. Жүргенов академиясын бітірдім", - деп сөзін бастады ол.

Диана "Уәде қайда" әніне Төреғалидің өзі құда түскенін сөз етті.

"Уәде қайдаға" тоқталатын болсақ, ол ән ата-анамның әңгімесіне қарап отырып шықты. Бұл - әрбір отбасының басында болатын жағдай. Негізі бұл Париж-Лондон деген жеке ән болған. Өзім жеке шығарып жатқан кезде, студияда өңдеп жатқанда Төреш арғы есікте демалып отыр екен. Сөйтіп менің әнімді естіп, өзі танысып, "бірге айтсақ қалай болады" деді. "Айтсақ айтайық" дедім, бірақ аса қатты сенбедім. Уақыт өте келе өзім нөмірін алып қалдым. Сосын звондап бастадым, "аға уәде қайда, ана әнді айтайық?" деп. Өйткені көрермендердің сұрауымен маған ол әнді не Төреғалимен, не жеке орындап шығару керек болды. Сосын ол кісі "болды Диана, жазсақ жазайық, студияда кезігейік. Клипін де өзім шығарамын, барлығына өзім көмектесемін, сенен ән болсын деді", сөйтіп бастап кеттік", - деп Диана Төреғалимен алғашқы таныстығын есіне алды.

Әнші "Диана Төрештің тоқалы ма, ашынасы ма?" деген сыбыстарға нүкте қойды.

"Шамасы бейнебаянда жақсы ойнап шыққан болуым керек. Осы сұрақтар әлі күнге дейін жиі қойылады. Бірақ Төрешпен біз өнер жолында бірге жұмыс жасайтын адамдармыз. Яғни бізде, бәлкім, екінші дуэт шығып қалар? Мен ол кісіге ән жазып беруім де мүмкін. Яғни бізде шығармашылық байланыс қана. Ортамызда махаббат жоқ. Мен өз-өзімді қалай ұстаймын, ол кісі солай жауап қатады. Мен ол кісінің қасында артық қылық жасамағанмын. Өзімнің орнымды білемін. Ол кісі де мені шығармашылық адамы ретінде құрметтейді", - деп сендірді Диана.

Әнші Аман Тасығанның "өміріңде отбасылы адамның махаббаты болдың ба" деген сауалына да жауап берді.

"Шынымды айтсам, жоқ, басымда ондай оқиға болған жоқ, себебі, ондайға қарсымын. Сегізінші сынып оқып жүргенде алғашқы махаббат болды, бірақ ол маған қарамады, себебі 11 сыныпта ҰБТ-ға дайындалып жүрді", - деді композитор.

Диана жеке өмірі туралы ағынан жарылып, басы бос екенін және ауылға келін болуға дайын екендігін алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін біз сахнамен қош айтысқан Сырым Исабаев қазір қайда жүргенін жазған едік.

Одан бөлек, белгілі композитор басы дауға қалған Ернар Айдарды сөз еткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873919-tres-zi-kda-tsti-diana-ismailova-tregalimen-zeke-miri-turaly-sybystarga-nkte-kojdy.html