Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аса маңызды": Қазақстандықтарға емханаға тіркелуге екі ай уақыт беріледі

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу науқаны басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап халықты алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдарға тіркеу науқаны басталады. Науқан екі айға созылады", - деді Бағдат Қожахметов.

Ведомствоның ресми өкілі қазақстандықтарға емхананы өз үйіне жақын маңнан таңдауға кеңес берді.

"Емханалар денсаулық сақтау жүйесіне кірудің "алтын қақпасы" екенін білесіздер. Сондықтан алдағы екі айда азаматтарымыз тұрғылықты жері бойынша емханаларды таңдай алады. Мейлінше үйіңізге жақын жерден таңдауға кеңес береміз. Өйткені медицина қызметкерлеріне емханаға тіркелген науқастарды үнемі қадағалап, тіпті үйіне барып қызмет көрсетуге ыңғайлы болады. Бұл тәжірибе, әсіресе, пандемия жағдайында аса маңызды", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда карантин режимінің қашан аяқталатынын айтқан болатын.

Сонымен қатар, ол республика бойынша тұмауға қарсы вакцинация екі апта бұрын яғни 15 қыркүйектен басталатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873920-asa-mayzdy-kazakstandyktarga-emhanaga-tirkeluge-eki-aj-uakyt-beriledi/

pixel