RU

Елімізде тәулік ішінде 68 адам коронавирус жұқтырған

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда өткен тәулік ішінде 68 адамда коронавирус дерті ПТР арқылы расталып, олардың індетті жұқтырып алғаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан бойынша коронавируспен ауырғандардың жалпы саны - 106729.

Аймақтар бойынша дерт жұқтырғандардың көрсеткіші:

Нұр-Сұлтан қаласы - 3

Алматы қаласы - 8

Шымкент қаласы - 1

Ақмола облысы - 3

Ақтөбе облысы - 1

Алматы облысы - 7

Атырау облысы - 6

Шығыс Қазақстан облысы - 18

Батыс Қазақстан облысы - 3

Қарағанды облысы - 7

Қостанай облысы - 2

Павлодар облысы - 2

Солтүстік Қазақстан облысы - 4

Түркістан облысы - 3

Айта кетсек, 11 қыркүйекте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 307 жағдайы анықталып, екі өлім жағдайы тіркелген. Одан бөлек 145 адам дерттен емделіп шыққаны анықталды.

Тамыздың бірінен бастап көрсеткіштер келесідей: ауырғандар - 29 235, өлім жағдайы - 320, ал жазылып шыққандардың саны 6 787 жетті.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандықтарға емханаға тіркелуге екі ай уақыт берілетінін жазған болатынбыз. 15 қыркүйектен бастап елімізде азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу науқаны басталады.

Одан бөлек, коронавирусқа қарсы вакцина шамамен қанша тұруы мүмкін екенін жазған едік. Журналистер Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілінен COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина қарапайым қазақстандықтар үшін қаншаға түсетінін сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873932-elimizde-tulik-isinde-68-adam-koronavirus-zktyrgan.html