RU

Атыраулық бойжеткендер Ақтөбеде интим қызметтің VIP түрін ұсынып жүр (фото, видео)

Жезөкшелер ордасы
Фото: Облыстық ПД-нің баспасөз қызметі

Ақтөбедегі VIP массаж салондарының бірінен жезөкшелікпен айналысып жүрген үш қыз ұсталды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ порталының тілшісі.

Қылмыстық полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсетуге арналған жезөкшелер ордасын "Стоп Трафик" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында анықтаған.

"9 қыркүйек күні Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде орналасқан интимдік қызмет көрсетуге арналған притон анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мекеме әкімшісі қызметін атқарған қала тұрғыны ұсталды",- деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Полицейлердің тексерісі кезінде интимдік қызмет көрсеткен өрімдей үш қыздың Атырау облысының тұрғындары екені анықталған.

Полиция департаментімен осы факті бойынша қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі, яғни "Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, материалдар әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Ақтөбе қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда коттедждегі массаж салоны интимді қызмет көрсетіп келгенін жазған едік.

Одан бөлек, Алматыда интимдік қызмет көрсеткен притон анықталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873941-atyraulyk-bojzetkender-aktbede-intim-kyzmetti-vip-trin-synyp-zr-foto.html