RU

Қайрат өте тәрбиелі адам: Әншінің өкілі төбелеске қатысты сыбысқа нүкте қойды

Қайрат Нұртас
Фото: © instagram.com/kair_n

Бұқаралық ақпарат құралдарында Қайрат Нұртастың Ақтаудағы қонақүйлердің бірінде күзетшіге шабуыл жасаған болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. Әншінің өкілі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайрат Нұртастың Ақтау қонақүйлерінің бірінде күзетшімен төбелесіп, оның мұрнын бұзғаны туралы ақпаратты бұған дейін e-gazet.kz басылымы өз дереккөзінің сөздеріне сүйеніп жариялаған болатын.

Әншінің Instagram желісіндегі парақшасынан оның расында Ақтауда отбасымен демалғанын байқауға болады.

Ал Ақтау полициясы Қайрат Нұртастың бұл оқиғаға қатысы бар-жоғын растаған да жоқ, теріске де шығармады. Десе де бұзақылық бабы бойынша соталды тергеу басталғанын растады.

Осы орайда, әншінің директоры Мира Келімбетова Tengrinews.kz тілшісіне берген түсініктемесінде Қайрат Нұртастың төбелеске қатысы жоқтығын айтып, ақпаратты жоққа шығарды.

"Қайрат төбелес шығарған жоқ, ешкімнің мұрнын бұзған жоқ. Бұл жалған ақпарат. Қайрат өте тәрбиелі, дипломат адам. Біреу оның атына кір келтіргісі келген шығар", - деді Мира Келімбетова.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтаудағы төбелеске қатысты тәртіп сақшылары түсініктеме бергенін жазған едік.

Одан бөлек, соңғы кездері әнші Төреғали Төреәлімен бірге ән айтып жүрген композитор Диана Исмаилова Қайрат Нұртасқа өзінің жеке әнін қаншаға сатқанын жария еткенін жазған болатынбыз. Ол әншіден туындысы үшін ең жоғары сома алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873954-kajrat-te-trbieli-adam-nsini-kili-tbeleske-katysty-sybyska-nkte-kojdy.html