Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қашықтан оқыту қашан аяқталады: Аймағамбетов пікір білдірді

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту туралы сөз қозғап, дәстүрлі форматқа ауысудың мерзімі туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Қашықтан білім беру шешімі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданған болатын. Біз де заңға бағынамыз, бас санитар дәрігердің қаулысын және жергілікті жердегі санитар дәрігерлердің шешімін орындауымыз керек. Олар карантиндік режимді реттеген, мектептерге қатысты шешімді де қабылдап отыр. Біз болсақ, осы шешімді орындап, қажетті жағдай жасап келеміз.

Ал ата-аналарды қолдау мәселесіне келетін болсақ, білім министрі ондай сұрақтарды қарамайды. Әлеуметтік қорғау және санитарлық қызмет мәселесі менің құзіретіме жатпайды.

Негізі, қашықтан оқытуға қатысты арыз-шағымдар бізде ғана емес, басқа жақта да көп. Өзге елдердің бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерін қарап шықсаңыз, бәріне ортақ бір тенденцияны байқайсыз. Барлық жерде ата-аналар тарапынан сын айтылады. Себебі барлық жерде оларға қосымша салмақ түсіп жатыр. Сосын барлық жерде педагогтар балаларға көбірек білім беруге тырысады. Содан баланың онлайн сабақта отырғанын талап етеді.

Біз де халықаралық тәжірибені зерделейміз, шетелдегі әріптестерімізбен сөйлесіп тұрамыз. Әлем бойынша қашықтан оқытуға қатысты барлығына ортақ бірнеше проблеманың бар екенін көріп отырмыз. Мәселен, бізде қашықтан білім берудің сапасы төмен дейді. Өйткені интернеттің жылдамдығы баяу. Алайда жақсы интернеті бар дамыған мемлекеттердің өзінде қашықтан және дәстүрлі жолмен берілген білімнің арасында үлкен айырмашылық бар.

Негізі, біз де мектептердің ашылғанын қалаймыз және балалардың дәстүрлі форматта білім алғанын қолдаймыз. Иә, мұғалімдер үшін арнайы курстар ұйымдастырылды. Дегенмен, олардың жаңа форматта жұмыс істеу дайындығына қатысты мәселе бар", - деді министр.

Аймағамбетов қашықтан оқытуға қатысты соңғы шешімді бас санитар дәрігер қабылдайтынын жеткізді.

"Дәл қазір ол шешімнің қай кезде шығатынын айта алмаймын. Әзірше, қашықтан оқытуды тек бірінші тоқсанда ғана қалдыруға ұсыныс жасалды", - дейді ол.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы брифинг барысында оқушыларды қашықтықтан оқыта беруді жалғастыруды ұсынды.

Сондай-ақ, министрлік басшысы еліміздің коронавирус инфекциясының екінші толқынына қалай дайындалып жатқанын айтып берді.

Оның сөзінше, екінші толқынның болу мүмкіндігіне байланысты 71 мың төсек-орын дайындау жоспарлануда. Қазіргі уақытта 10 257 төсек-орын бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873968-kasyktan-okytu-kasan-aaktalady-ajmagambetov-pikir-bildirdi/

pixel