Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте пневмония және коронавирустан 7 адам көз жұмды

Опубликовано:

ковид науқас 123
Фото: Global Look Press / Xiao Yijiu

Елімізде өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясы және пневмониядан жеті адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, 12 қыркүйекте тағы 346 қазақстандық пневмонияға шалдыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылғы 13 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат пайда болды.

Осылайша, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 346 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 36 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 29 581, 321 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 823-ке жетті.

Коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 6 қазақстандық көз жұмды.

Қазіргі уақытта 4 521 адам COVID-19 індетінен ем алуда, олардың ішінде 35 бала бар. Стационарларда – 2 352, ал амбулаторлық деңгейде 2 169 пациент емделуде.

129 науқастың жағдайы ауыр, 22-сі аса ауыр хәлде, ал 27-сі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 74 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.

Жалпы республика бойынша COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 106 803 адамға жетіп отыр.

Сонымен қатар, елімізде өткен тәулікте 97 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытай ғалымдары коронавируспен ауырып шыққан адамдардың ағзасында антиденелер бір айдың ішінде азайып кететінін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873979-kazakstanda-tken-tulikte-pnevmonia-zne-koronavirustan-7-adam-kz-zmdy/

pixel