RU

Қостанай облысында жоғалған 14 жасар қыз аман-есен табылды

қыз 654654
Көрнекі фото: pixabay.com

150-ден астам адам іздеген Қостанай облысының 14 жасар тұрғыны аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 жасар Анна Карпенконың із-түссіз жоғалғаны туралы жақында ғана белгілі болған. Жағдайға немқұрайлы қарамаған өңір тұрғындары мен еріктілер полицияға көмек көрсетті. Іздеу жұмыстарына 150-ден астам адам қатысты.

Валерьяновка ауылының тұрғыны 9 қыркүйекте үйінен шығып, сол күйі қайта оралмаған. Ертесіне оның ата-анасы полицияға жүгінді.

12 қыркүйек күні кешке жасөспірімнің табылғаны белгілі болды. Ол ауыл шетіндегі бос тұрған үйлердің бірінен табылды деп жазды жергілікті "Костанайские новости" басылымы.

Қыздың кіммен болғаны, не себепті үйден кетіп қалғаны, сондай-ақ оқиғаның басқа да мән-жайы әзірге хабарланбай отыр. Тек оның аман-есен табылғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, жақында Алматы облысында жоғалған 17 жастағы бозбаланың өлі күйінде табылғаны белгілі болды.

Жасөспірімнің мәйітін тұрғындардың бірі тауып алған. 11 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 45 жастағы тұрғыны “102” пультіне хабарласып, Шелек ауылынан үш шақырым жердегі көлдің жағасынан жас жігіттің жансыз денесін тапқаны туралы қайғылы хабарды жеткізді.

Мәйіттің із-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы Равиль Абумуслимовқа тиесілі екенін анықтаған.

Еске салса кетсек, Равиль 30 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен болатын. Полицияға баланың туыстары жүгінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873981-kostanaj-oblysynda-zogalgan-14-zasar-kyz-aman-esen-tabyldy.html