Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Жанболат Мамай бастаған белсенділер митинг өткізіп жатыр

Опубликовано:

Митинг Алматы 321
Фото: Sputnik / Ольга Тонконог

Оңтүстік астанада карантин басталғалы бері алғаш рет рұқсат етілген митинг өтуде. Оған жүзге тарта адам жиналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Шоқан Уәлиханов атындағы скверге жиналғандар кредиттік амнистия мен шетелдіктерге жерді жалға беруге тыйым салуды талап етуде. Сондай-ақ плакаттарда "саяси тұтқындарды босату туралы" жазбалар бар.

"Бізге митингке шыққандардың саны мыңнан асып кетсе, қалғандарын үйге жіберіп, жиынды заңсыз деп танитынын бірнеше мәрте ескертті. Уақытқа қатысты шектеу мен басқа да кемшіліктер бар. Митинг туралы жаңа заң бейбіт жиналыстарды өткізуге ешқандай әсер еткен жоқ деп санаймын. Өйткені бәрібір де көп талап қойылады", – деді митингті ұйымдастырушы, тіркелмеген Демократиялық партияның лидері Жанболат Мамай.

Ол кредиттік амнистия туралы талапты неге популизм деп санамайтынын түсіндірді.

"Мен ірі банктердің өкілдерімен сөйлесіп, кредитті кешіру мүмкін бе деп сұрадым. Әрине, банктерге бұл тиімсіз. Бірақ, экономикалық тұрғыдан іске асыруға болады. 2008 жылдан бастап бүгінге дейін банктер мемлекеттен 10 триллионнан астам қаржы алды. Бұл ақша қайда? Неге ол ақшаны қайтармайды? Екіншіден, Ұлттық қорда қаражат бар деп айтып жатыр. Президенттің жобаларына екі триллион бөлінеді екен, нақты не үшін екені – жұмбақ. Кредиттік амнистия популизм емес, халық үшін шынайы көмек", – деді Мамай.

Ол президент әкімшілігінің кеңсесіне кредиттік амнистия талабымен жүз мыңға жуық өтініш пен хат жолданғанын мәлімдеді. Алайда жауап әлі келмеген.

Бұған дейін Алматы әкімдігі карантин басталғалы алғаш рет митингке рұқсат бергені хабарланған еді. Қатысушылар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Бейбіт жиынды өткізу мерзімі – 11.00-ден 14.00-ге дейін.

Айта кетейік, 13 қыркүйекте Алматыда карантиннен кейін алғаш рет рұқсат етілген митинг өтетіні жайында бұған дейін хабарлағанбыз.

Белсенді Бақытжан Төреғожина өз парақшасында оңтүстік астана әкімдігінің митинг өткізуге рұқсат бергенін мәлімдеген еді.

Құжатта қатысушылардың акция кезінде әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтап, сондай-ақ санитайзерлер алып келуі керектігі көрсетілген.

Бұған дейін мемлекет басшысы "Ана тілі" басылымына берген сұхбатында енді бейбіт жиындарды өткізу үшін рұқсат сұрамай-ақ, бес күн бұрын жергілікті билікке ескертсе жеткілікті екенін айтқан еді.

Бұдан бөлек, Беларусь мемлекетінде 9 тамыздан бері жаппай өткен шерулердің "ең тәртіпті митинг" атағын алғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873990-almatyda-zanbolat-mamaj-bastagan-belsendiler-miting-tkizip-zatyr/

pixel