RU

Иттерді зорлау ісі – "Астана Ветсервис" директоры жұмыстан босатылды

591653
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі бастамасымен жүргізілген қызметтік тексеру кезінде "Астана Ветсервис" директоры жұмыстан босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елорда әкімдігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің тапсырмасымен қараусыз қалған жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша тәуелсіз сараптама жүргізіледі. Кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылатын болады", – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, жақында елордада төрт итті зорлағандар жайлы сұмдық дерек шыққан болатын.

Астанада бұрын-соңды болмаған зорлық түрі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталды. Олар қазір еріктілердің қолында ем қабылдауда. Ал жыныстық зорлық көрсетуі мүмкін деген күдіктіні полиция іздеп жатыр.

"Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті аталмыш оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 316-бабымен жануарларға қатігездік жасау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Қазір анық-қанығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз хатшысы Эльмира Шәуленова.

Еріктілердің айтуынша, итқораны бақылап, тұрғындарына жағдай жасап жүргендеріне екі жылдың жүзі болыпты. Содан бері мынадай қорлықты бірінші рет көріп отыр. Жануарларға мұндай зорлық көрсету дерегі елорда полициясында да биыл алғаш тіркелді.

Айта кетейік, зорлық көрген иттердің жағдайы туралы жазба алғаш рет Instagram желісінің "СтопОтлов" парақшасында жария болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874006-itterdi-zorlau-isi---astana-vetservis-direktory-zmystan-bosatyldy.html