RU

Алматыда 3-4 сынып оқушылары кезекші сыныптарға бара алады

мектеп карантин 123
Фото: Global Look Press / Владимир Мельников

Желіде оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құжатта атап көрсетілгендей, биылғы 15 қыркүйектен бастап ата-аналардың өтініші бойынша 3-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптардың қызмет етуіне рұқсат беріледі. Мұндай сыныптағы балалар саны 15-тен аспауы және санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Сонымен қатар, жалпы сыйымдылығы 50 пайыздан аспайтын, маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау арқылы, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және желдету жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып мәдениет нысандарының (жеке және 30 адамнан аспайтын топтық дайындықтарға), кітапханалар мен мұражайлардың қызметіне рұқсат берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифинг барысында қашықтан оқыту туралы сөз қозғап, дәстүрлі форматқа ауысудың мерзімі туралы айтқан болатын.

Сондай-ақ аталған брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқушыларды қашықтықтан оқыта беруді жалғастыруды ұсынған еді.

Оның айтуынша, 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жүргізілетін вакцинация халықтың әлсіз тобын, әсіресе жиі ауыратын балаларды ЖРВИ мен тұмаудың өршуінен қорғап қалады.

Министр қазіргі аурудың төмендеу қарқынын ұстап тұру маңызды екенін жеткізіп, мектептегі бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874014-almatyda-3-4-synyp-okusylary-kezeksi-synyptarga-bara-alady.html