Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағзадағы артық майларды жоғалтып, қан қысымын төмендететін өнім анықталды

Опубликовано:

Артық салмақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Америкалық ғалымдар адам ағзасындағы артық майлардан құтылып, қан қысымын төмендетуге көмектесетін өнім түрін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы tvzvezda.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ ғалымдарының айтуынша, пісте жемісін тұрақты түрде қолдану артық салмақтан арылуға мүмкіндік береді және қан қысымын азайтуға жағдай жасайды.

Мамандар мұндай қорытындыға ондаған еріктіге тәжірибе жүргізу барысында келген. Еріктілердің жартысы төрт ай бойы күн сайын 40 грамнан астам пістені жеп отырған.

Одан бөлек еріктілерге дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстануға қатысты бірқатар кеңес берілген деп жазады La Vanguardia.

Пісте
Көрнекі фото: Joanna Kosinska, Unsplash.com

Нәтижесінде тәжірибе сәтті аяқталып, барлық еріктілер өзінің алғашқы салмағының бес пайызын жоғалтқан. Еріктілердің дені бел тұсындағы артық майларынан арылған.

"Пісте жеген еріктілердің қосымша артықшылықтары болды. Бірінші кезекте, систоликалық және диастоликалық артериалдық қан қысымының төмендеуі", - дейді ғалымдар.

Сонымен қатар, тәжірибеге қатысқандардың ағзасынан лютеин антиоксидантының, альфа-каротин мен бета-каротиннің мөлшері көбірек болған және қанық емес май қышқылдары мен қанық май қышқылдарының арақатынасы оң көрсеткіштерге жеткен.

Еске салсақ, бұған дейін біз мамандар адам миына ерекше пайдалы өнімдердің тізімін жариялағанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, мамандандырылған фитнес-жаттықтырушы артық салмақтан арылуға көмектесетін мінсіз таңғы ас мәзірін атаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1874035-agzadagy-artyk-majlardy-zogaltyp-kan-kysymyn-tmendetetin-nim-anyktaldy/

pixel