RU

Елімізде тағы 52 адамнан коронавирус анықталды

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 52 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 106 855-ке жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 52 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1

Ақмола облысы - 3

Ақтөбе облысы - 2

Алматы облысы - 4

Атырау облысы - 11

Шығыс Қазақстан облысы - 11

Батыс Қазақстан облысы - 6

Қарағанды облысы - 5

Қостанай облысы - 3

Павлодар облысы - 1

Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Сонымен қатар, кеше, 13-қыркүйекте 12 адам коронавирустан айығып, ауруханадан шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 1

Алматы қаласы - 1

Атырау облысы - 4

Қарағанды облысы - 1

Павлодар облысы - 5

Осылайша, Қазақстанда қауіпті дерттен жазылғандар саны 100 627 болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын мәлімдеген еді.

Оның дерегінше, өткір респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың жыл сайынғы өсуімен, жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаумен сырқаттанушылықтың 70 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеледі.

Сондай-ақ коронавирус инфекциясынан жазылған балалардан қауіпті синдром анықталғаны белгілі болды.

COVID-19 індетінен жазылған 662 балаға зерттеу жүргізіліп, олардан қауіпті мультисимптомдық синдром (MIS-C) анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874038-elimizde-tagy-52-adamnan-koronavirus-anyktaldy.html